25.06.2017 в 16:21

Шымкентте балаларға робот құрастыруды тегін үйрететін орталық ашылды

Жаңа үйірмеге мектеп оқушыларынан бастап колледж тәлімгерлеріне дейін қатыса алады. Интелектуалды ойлау қабілеті зор балғындар алғашқы күннен-ақ өздігінен жүріп тұратын құлтемір мен бауырымен жорғалағыш жылан құрастырып шыққан. Шәкірттерге қажетті заманауи құрылғыларды қаладағы осы кәсіппен айналысатын оқу орталығы ұсынған. Жеткіншектерге робот-техниканың қыр-сырын білікті мамандар үйретіп жүр. Алдағы кезде олар құрастырған құлтемірді өндірісте пайдалану да ойда бар. Жастар ресурстық орталығында бұдан бөлек 10 шақты үйірме мен әр түрлі клубтар тұрақты жұмыс істеп тұр. Енді медиа мектебін ашу көзделіп отыр. Бұл балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.