ЭКСПО қалашығындағы Катар павильонына келушілер қатары әдеттегіден көп. Өйткені катарлықтар Ұлттық күнін тойлап жатыр. Біз секілді мұнай экспорттаушы катарлықтар баламалы қуат көзін қаншалықты көп қолданады және павильон несімен ерекшеленеді?
Аслан Қаженов, тілші: Катар ЭКСПО-ға ерекше нақышта дайындалғандығы басынан бәрімізге аян. Бейресми сауалнамаға сәйкес, көрмеге келушілердің бәрі оның сыртқы көрінісі ең үздік деп, баға берген. Кіреберістегі стендте бұл елдің бастапқы кәсібі - мұхит түбінен маржан теру, сонан соң мұнай өндіру, сосын газ өндірісі туралы жазылған. Катардың Қазақстанмен ұқсастығы осы жер. Сондай-ақ бұл ел баламалы қуат көздеріне енді көшіп жатыр. Айта кетейік, катарлықтар қазақтар сияқты бүркіт баптағанды жақсы көреді. Катарда тіпті бүркіт емдейтін клиника бар.
Ақпарат көзі: 24.kz