Транзиттік жүктерді тарту бойынша жоғары бәсекелестік орта жағдайында Қазақстан дәстүрлі халықаралық маршруттарға (Солтүстік және Оңтүстік теңіз жолы, Транссібір торабы) қарсы тұра алатын өзінің бәсекелі құрлықтық маршрутын қалыптастыра алды. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек атап өтті.
«Бүгінгі күннің өзінде Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы тасымалданатын жүктер 12-15 күн шамасында жеткізіледі. Ал Оңтүстік теңіз жолымен жеткізу мерзімі 45-60 күнді, Солтүстік теңіз жолымен – 33-35 күнді құраса, Транссібір торабы арқылы 18-20 күнді құрайды», - деді Министр.
ҚХР-ЕО-ҚХР бағыттарына 2016 жылы контейнерлік тасымал көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 105 мың ЖФЭ-ні құрады.
2017 жылдың 5 айында аталмыш бағыттарға жасалған тасымал 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артып (32,5 мың ЖФЭ-ге), 59 мың ЖФЭ-ні құрады.
2017 жылдың 5 айында ҚХР-ЕО-ҚХР бағыттарына жүретін контейнерлік пойыздардың саны 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артып, 681 бірлікті құрады.
Жалпы, 2016 жылы Қазақстан аумағынан 245 мың транзиттік контейнер тасымалданды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 35,3 мың контейнерге артық (немесе 14%. 2015 жылы – 209,5 мың контейнер).
2017 жылы 5 айда транзиттік контейнерлік тасымалдардың көлемі 119 мың ЖФЭ болды, ол 2016 жылы аналогиялық мерзімен салыстырғанда 1,5 есе көп(40 мың ЖФЭ немесе 34%) көп. 2017 жылдың соңына дейін 320 мың ЖФЭ дейін қол жеткізу жоспарланып отыр. 2020 жылға дейін жалпы көлем 2 млн.контейнерді құрайды.
ҚР аумағы бойынша автокөлікпен жүктер транзитті 2016 жылы 1,4 млн. тонн құрады, 2015 жылымен салыстырғанда 11,6% (1,2 млн.тонн) көп.
Ағымдағы жылғы 5 айда транзиттік тасымалдар көлемі 1,07 млн. тонн болды, ол 2016 жылы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 2 есеге (570 мың тоннаға) көп.
Ақтау порты арзылы өтетін Транскаспийлік балама маршрутты одан әрі дамыту жүргізілуде. Ол жерде 2016 жылы 13 мыңнан астам бірлік автокөлік өңделген, бұл көрсеткіш 2015 жылғыдан 7 есе көбейген. 2017 жылғы 5 айда Ақтау портында 5,4 автокөлік бірлігі өңделген, бұл 2016 жылғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда 491 бірлікке көп.