29 маусым күні таңертең аудан орталығы Шолаққорған ауылынан ауданның экономикалық- әлеуметтік дамуы мен өркендеуі, өрістеуі жолында елеулі еңбек еткен бір қатар еңбек ардагерлері Астана қаласына сапарға шықты. Олар ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана қаласының көрікті жерлері мен тарихи орындарын аралап, «АЛЖИР» лагері, Бурабай табиғат мұражайына барып, тынығып қайтпақ.
Шарада сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, ақын, жазушы Дулат Тұрантегі, ақын Төлеген Кәрібеков шығарып салушыларға алғыс айта отырып, үлкен бастаманы қуана құптайтынын білдірді. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы өнерпаздарының әсем әндері мен сазды күйлері ырғағымен ұзақ сапарға шыққан ардагерлерімізге айтарымыз «Аман барып, сау қайтыңыздар ардагер ағалар!» деген ізгі тілекпен шығарып салды.