30.06.2017 в 00:06

EXPO қонақтары арасында қазақстандық қолөнершілердің бұйымдары танымал

Қазақстандықтардың қолымен жасалған сапасы жоғары, экологиялық тұрғыдан таза әрі бағасы да қолжетімді бұйымдарды Еуропалық қонақтар жаппай сатып алуда, деп хабарланды астаналық әкімдік медиа орталығынан. Шетелдік қонақтар қазақстандық қолөнершілердің киіз, ағаш және теріден жасалған бұйымдарына, түрлі тастар мен күмістен жасалған әшекей бұйымдарына қызығушылық танытуда, деп хабарлады қолөнершілер орталығының жетекшісі Роза Жүсіпова.

Өнертанушының сөзіне қарағанда, «Нұр жол» желекжолында EXPO көрмесін өткізу кезінде жібектен жасалған орамалдарды орташа алғанда 4 мың теңгеге сатып алуға болады, табиғи тастардан жасалған білезіктің құны шамамен 5 мың теңге. Желекжолда еліміздің әр өңірінен келген 40 жуық қолөнершінің бұйымдары сатылатын 10 дүкеншік орналасқан,- деп жазады 24 kz сайты.  Қолөнершілер жәрмеңкесінде тек қазақстандық ұлттық бұйымдар ғана емес, сондай-ақ Орта Азия халықтарының қолданбалы өнері де бар. Шеберлер онымен бірге қырғыздың киізінен жасалған бұйымдарды, Өзбекстанның күйіктасын да сатады. «Қолөнершілердің барлығы дерлік «Дала арулары» қоғамдық қорының мүшелері болып табылады. Бұл тұрғыда біз бұйымдарды өз қолдарымен жасайтын қолөнершілердің шынымен де өз ісінің шеберлері екендігіне кепіл береміз», – деді Р.Жүсіпова.