Шығыс Қазақстанның Қытаймен шекарада жатқан шалғай ауыл тұрғындары енді елордаға 2 сағатта жететін болды. Үржар-Астана бағытында жаңа әуе рейсі ашылды. Аптасына 4 рет қатынайтын рейсте жолаушыларға 40 орындықты АН-2 ұшақтары қызмет етеді. Бұған дейін аудан орталығынан Семей, Өскемен, Алматы қалаларына ғана әуе қатынасы бар еді.
Мұның бәрі аймақтағы туризмді дамытып, Алакөлге келетін саяхатшылар санын еселеуге жол ашады. ЭКСПО көрмесіне де барыс-келіс жандана түспек. Жоспар бойынша келесі жылы әуежайды күрделі жөндеуден өткізіп, ұшып-қону жолақтарын 1,5 шақырымға дейін ұзарту көзделіп отыр. Яғни болашақта «ТУ», «БОИНГ» сияқты алып ұшақтар қабылдауға да мүмкіндік туады. Болат Бектеміров, Үржар әуежайының коменданты: - Астана мен Алматы рейсінің 50 %-ын республикалық бюджеттен төлейді. Ал Семей, Өскемен облыстық бюджеттен төленеді. Билет бағасы Семейге 7 мың, Өскеменге 8 мың, Астана мен Алматыға 14 мың теңге. Ақылжамал Қажиекперова, Мақаншы ауылының тұрғыны: - Тойға кетіп барамыз қызымыз екеуміз. Бұрынғыдай автобус, пойызбен емес, тура ұшып бара жатырмыз. Көп балалы аналар мен бәрінен рахмет айтамын!