04.07.2017 в 17:25

«SANY Group» қытай компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев «SANY Group» компаниясының өндірістік базасын аралып, штаб-пәтерінде болды, сонымен қатар корпорацияның басқарма төрағасы Лян Вэньгэнмен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Компанияның өндірістік цехын аралау барысында елші жел генераторларының өндіріс процесімен және корпорацияның құрылу тарихымен танысты.

Лян Вэньгэнь Қазақстан аумағында көліктік-логистикалық кешендерді, Маңғыстау мен Алматы облыстарында жел электрстанциясын, теңіз суын тұщыландыру бойынша зауытты салуға және Құрық порты инфрақұрылымының құрылысы сынды жобаларды жүзеге асыруға және инвестиция құюға мүдделі екенін жеткізді.

Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейде екенін және «Бір белбеу бір жол» қытайлық бастаманы жүзеге асырудағы еліміздің маңызды рөлін және оны жүзеге асыру бойынша «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының маңыздылығын атап өтті.

Бұдан басқа, Ш. Нұрышев сұхбаттасушыны еліміздегі инвестициялық ахуалмен және берілетін артықшылықтармен таныстырды.

Қос тарап «SANY Group» қорпорациясының басқарма төрағасы Лян Вэньгеннің ағымдағы жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаласты.

Баламалы энергетика саласындағы мол тәжірибені ескерген компания басшылығы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуға ниет білдірді. Шара барысында «SANY Group» компаниясы жел және күн энергетикасы саласындағы өзінің жаңа және инновациялық  жетісіктерін паш етеді.

Айта кетерлік жайт, «SANY Group»  компаниясы әлемде арнайы техника өндіретін ірі 5-ке кіреді. Компанияның активтері 18 млрд. долл. құрап отыр. 

Ақпарат көзі:  strategy2050.kz