01.10.2014 в 15:19

Оңтүстіктің ішкі саясат басқармасы БАҚ өкілдеріне семинар өткізді

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы жергілікті ақпарат құралдары өкілдері үшін семинарлар өткізуді қолға алғаны белгілі. Бұл бастама журналистер арасында қолдау тауып, қазір республикалық телеарна, газет журналистері мен басшылары тұрақты түрде тәжірибесімен бөлісіп, білгенін үйретіп келеді.

Бұл жолы "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы Жанболат Ауыпбаев еліміздегі таралымы көп газетті әзірлеу процесінен, тарату, оқырманға жеткізу жолдары туралы баяндады. Күшейтіліп жатқан веб-редакцияның жаңа бастамаларына да тоқталды. "Айқын" газетінің тілшісі Гүлзина Бектасова сұхбат жанрына толығырақ тоқталып өтті.