21.07.2017 в 10:37

Әуе көлігімен тасымалдау 18,7%-ға өсті

 

Ағымдағы жылдың 6 айында жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау 18,7%-ға өскен немесе бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 500 мың адамға артқан. 2017 жылғы жарты жылдықта барлығы 3,2 млн. адам әуе компания қызметтерін пайдаланды.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараты бойынша, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар ағынының өсімі 46%-ды (2016 ж. – 113514 жолаушы, 2017 ж. – 165435 жолаушы) және ішкі рейстерде 24%-ды (2016 ж. – 190979 жолаушы, 2017 ж. – 237309 жолаушы) құрады. 2016 жылы әуежай 3,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. 2017 жылғы жарты жылдықта – 1,8 млн. жолаушыға қызмет көрсетілген.

Жыл басынан бері шетелдік және қазақстандық әуе компаниялар 9 жаңа халықаралық бағытты ашты. «Ашық аспан» шеңберінде Астана – Хельсинкі, Астана – Варшава, Астана – Будапешт, Астана – Бейжің, Астана – Киев, Астана – Батуми, Астана – Нью-Дели, Астана – Ереван, Астана – Минеральные воды рейстері ашылды. Қазақстанға польшалық LOT, венгриялық лоукостер Wizz Air, финдық Finnair, қытайлық Air China сияқты жаңа әуе тасымалдаушылары келді.

………………………………………….

За шесть месяцев текущего года воздушным транспортом было перевезено на 18,7%, или на 500 тысяч человек больше, чем за январь-июнь прошлого года. Всего за первое полугодие 2017 года услугами авиакомпаний воспользовались порядка 3,2 миллиона человек. По данным Международного аэропорта Нурсултан Назарбаев рост пассажиропотока по международным направлениям составил 46% (2016 год - 113514 пассажиров, 2017 год - 165435 пассажиров) и на внутренних рейсах 24%(2016 год – 190979 пассажиров, 2017 год – 237309 пассажиров) по сравнению с январь-июнь прошлого года. За 2016 год аэропортом обслужено 3,5 млн. пассажиров. За полугодие 2017 года – 1,8 млн. пассажиров.

С начала года иностранными и казахстанскими авиакомпаниями открыто 9 новых международных маршрутов. В рамках "открытого неба" над Астаной, запущены рейсы Астана – Хельсинки, Астана – Варшава, Астана – Будапешт, Астана – Пекин, Астана – Киев, Астана – Батуми, Астана – Нью-Дели, Астана – Ереван, Астана – Минеральные воды. В Казахстан пришли новые авиаперевозчики - польская LOT, венгерский лоукостер Wizz Air, финская Finnair, китайская Air China.