Арыс қаласындағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан «Қазына жер» сүт тауарлы фермасында осы жылдың 6 айында 1805 тонна сүт сауылды.
Бүгінде онда 800 мал болса, соның 500-ге жуығы сауын сиыр. Күніне 10 тонна сүт сауылады. Орта есеппен сүт фермасындағы әрбір сауын сиыр 22-25 литр көлемінде сүт береді. Ал дайын ағарған «Алтын Дән» және «Фудмастер» ЖШС-нетасымалданады.
Сүт фермасының меншігіндегі 2847 га жердің бүгінде 2278 га игеріліп, оның 1265 гектарына жүгері, 1013 гектарына жоңышқа егіліп, қолдағы ірі қараны жем-шөппен қамту жайы өздігінен шешіліп отыр. Мұнда жергілікті 75 азамат жұмыспен қамтылған.
Айта кетейік, Арыс қаласында индустрияландыру картасы аясында 2017 жылы аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына 4 жоба ұсыну жоспарлануда.
Оның бірі «Костуюн» ЖШС-нің құрама жем шығаратын кіші зауыт жобасы болса, екіншісі «ЖК С.Калыбаев» түйе сүтін пластикалық ыдысқа құю цехы.
Ал, үшіншісі «Агрофирма «Жаңа Ақдала» ЖШС-нің томат және тосап (подвилла) өнімдерін дайын өнім етіп шығару жобасы болса, төртіншісі «MEGA-AGAT-Агро» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін кіші зауыт жобасы.
Бүгінде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 4 гранттық жобалар облыс бойынша құрылған іріктеу комиссиясына ұсынылып отыр.
Жалпы шағын несиелендіру бойынша 2017 жылдың 6 айына барлығы 1192 адамға 693,9 млн. теңге шағын несиелер берілген.