06.10.2014 в 17:31

Мәсімов өзі бастаған істі аяғына дейін жеткізбек

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Астанада өтетін «Электронды үкімет – 2014» жаһандық форумына қатысады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Электронды үкімет – 2014» жаһандық форумы 7-8 қазанда өтеді. Форумның тақырыбы – «Тұрақты даму мақсатындағы ақылды басқару және желілік қоғамдағы әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері». Форумда электронды үкіметті дамыту келешегі талқыланатын болады. Бұл жиынға еліміздің Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен әлемнің 70 елінен келген сарапшылар қатысады деп күтілуде.

9-10 қазанда Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан машина жасау одағымен бірлесіп Қазақстан машина жасаушыларының екінші форумын өткізеді. Форумның басты тақырыбы – 2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасы аясында машина жасау саласын дамыту.