Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ААҚ-ның президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы, сондай-ақ түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, «Лукойл» компаниясының Каспий теңізі қайраңында іске асырып жатқан жаңа жобалары туралы әңгіме болды.