16.10.2014 в 18:00

ҚСЗИ-дің (КИСИ) қызметі өзгереді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы  № 3614  Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

 

Жарлықтың мәтіні  ҚазАқпараттан алынды.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 36,  337-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:

5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«- Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және оның тиісті орынбасары белгілеген ағымдағы және перспективалық мiндеттердi негiзге ала отырып, өз қызметiн жоспарлауға;»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Институт Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен жұмыс істейді.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.