22.10.2014 в 11:40

Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болды

Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың твиттер аккаунты.

Өмірбаяны

1956 жылы желтоқсанның 9 Гурьев облысыМахамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген.

1979 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының география мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломын алды.

1990 жылы «Дүниетану аспектілерінің экологиялык проблемасы» тақырыбы бойынша диссертациясын қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 7 жылдан кейін ол «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат» ғылыми зерттеу жұмысын таңдап, саясаттану ғылымдарының докторы болып атанды.

1981 жылдан 1991 жылға дейін КОКП ОК-ң мүшесі, 199091 жылдарда Қазақстан компартиясының ОК Политбюро мүшесі болды. Қазақстан Реcпубликасының 12 шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Еңбегі мен саяси өмірбаяны сол кездегі жалғыз жастар саяси ұйымы — Қазақстанның ЛКЖО-да басшылық қызметімен байланысты. 1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитетінің және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 жылы ЛКЖО ОК, 1991 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетін басқарды.

1993 жылы И. Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазақстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан премьер-министріМемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады.

20042008 жж. 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметін атқарып келді.

2008 ж. сәуірдің 4 Қазақстанның елордасы — Астана қала әкімі боп тағайындалды.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, ЮНЕСКО ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, академик А.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы.

И. Тасмағамбетов МоңғолияғаБатыс Қазақстанға және Ресей Федерациясының Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет) және т.б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 2000 ж.Моңғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күл-тегін тас хатының көшірмесі орнатылды. Қазақ мәдениеті мен тарихының мұраларын жаңғыртып, көпшілікке жеткізуге тағы басқа көп жұмыс атқарған қайраткер.[1]

Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы.