08.12.2017 в 12:37

ОҚО-да консерві цехы мен көкөніс қоймасы салынып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында биыл 52 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Ал егістік көлемі 49 мың гектарға жетіпті. Жер емген диқанның өнімін тиімді пайдалану үшін өңірде консервілеу цехы мен көкөніс сақтау қоймасы салынып жатыр. Ақсукент елді мекенінде бой көтерген бұл жобаның жалпы құны 2 млрд теңгеден асады. Оның 350 млн теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алған. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1,2 млн банка көкөніс консервілеу және 40 мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік береді. Қазір мұнда консервілеу цехының құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарға тапсырыс беріліп қойған. Бүгінгі таңда сыйымдылығы  бес мың тонналық бір қойма іске қосылған.

Жалпы ауданда осы жылдың он айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 27 млрд 780 млн. 400 мың теңгені немесе НКИ 107,6% құраған. Ал, ауданның ауылшаруашылығы саласында осы уақыт аралығында 52 млрд. 656 млн. 700 мың теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайызға орындалған.