09.12.2017 в 18:36

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Трампты қолдамады...

Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесі (БҰҰ) Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану жөніндегі ұсынысын қабылдамай тастады.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі АҚШ президенті Дональд Трамптың сорақы ұсынысын қабылдамай, Палестина мен Израиль арасындағы кикілжіңді бейбіт жолдармен шешуге күш жұмсау керектігін атап өтті. Айта кетер болсақ, Дональд Трампқа барлық Ислам әлемі наразылық білдіруде. Түркия президенті Ердоған да «Иерусалим бүкіл Ислам әлемінің астанасы, бұл әрекетке жол берілмейді» -деді.