27.10.2014 в 11:35

Елбасы ислам экономикалық форумына қатысады

Ертең Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дубайда өтетін 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барады деп жоспарланып отыр. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Биылғы форум «Экономикалық өсім жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған.

Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы - Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттердің жыл сайын өтетін негізгі экономикалық саммиті. Оның жұмысына бірқатар шетел мемлекеттерінің басшылары және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен іскерлік топтардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады.