Қазақстан Республикасы 26 қазан күні Украина Жоғарғы Радасына өткен сайлауды қолдайды, деп хабарлайды BNews.kz.
СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа парламентті құру – жалпыұлттық татулыққа, қоғамдағы тұрақтылыққа, Украина халқының мүддесіне сай келетін тиісті реформаларды өткізуге жол беретін маңызды қадам.
«Біздің елдерімізді тарихи қалыптасқан өзара сенімділік пен түсіністік негізінде қаланған достық және әріптестік қарым-қатынастар байланыстырады. Біз украиндық азаматтардың таңдауына құрметпен қараймыз және Украина мен әлемдік қауымдастықтың саяси тұрақтылықты, қоғамды біріктірудегі және елдің дәйекті түрде дамуын қамтамасыз етудегі күш-жігеріне қолдау көрсететін боламыз», - делінген ақпаратта.