«AgroPortal» компанияның бас директоры Амир Шекарчи Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетімен бірге инвестициялық преференциялар ұсынуды қарастыратын жобаларды іске асыру келісімшартын жасады.
Жобаға шамамен 7 млрд. теңге шетел инвестициясы салынады. Биыл Шығыс-Қазақстан облысында етті қайта өңдейтін комбинат құрылысы басталады.
«Қазақстанда шетел инвесторлары үшін жағымды инвестициялық климат жасалған. Өңірлік деңгейде біз «KazakhInvest» ҰК» АҚ өкілдерімен және біздің жобаға жан-жақты қолдау көрсететін Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігімен тығыз жұмыс істейміз. Ет комбинатында «Өндіріс» аумағында заманауи, қалдықсыз өндірістік желілер салынған болатын. Зауытта шамамен 250 адам жұмыс істейтін болады», - деді «Agro Portal» бас директоры Амир Шекарчи.
Ет комбинатында тәулігіне 2 мың ұсақ малдың және 400 басы ірі қараның еті қайта өңделетін болады.
Мұндағы өнімнің 90%-ға жуығы Иран Ислам Республикасына экспортталады.
«Kazakh Invest» етті қайта өңдеу зауытын слау арқылы осы жобаны іске асыруда қолдау көрсету қызметін жалғастырады. Күн тәртібінде – кеден және салық преференцияларын алу, субсидиялау мәселелері, сондай-ақ, визалық қолдау мәселелері бар», - деді ШҚО«Kazakh Invest» өңірлік директоры Мадина Байсалбаева.
Ирандық инвестордың шақыруымен және «Kazakh Invest» АҚ-ның қолдауымен облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Иранға барады. Сапар барысында бордақылау алаңшалары мен сүт-тауарлы фермаларына бару және жұмысымен танысу; ауылшаруашылық жабдығын өндірушілерімен кездесу; қазақстандық ет өнімдерінің импортына қызығушылық танытқан серіктестермен сөйлесу; сондай-ақ, АӨК саласы бойынша бірқатар жобалар ұсынылатын әлеуетті инвесторлармен жүздесу жоспарланған.
2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияда тікелей шетел инвестицияларын тартатын басым салалардың бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен таңдалып отыр. Қазақстанда 2015 жыл мен 2017 жылдың 9 айын қосқанда ауыл шаруашылығына тартылған инвестицияның жалпы көлемі 135,2 млн. АҚШ долларын құрады.
Анықтамалық: Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Kazakh Invest» Дүниежүзілік Банкпен бірге 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия әзірленген. Жұмыс үш бағытта өткізілетін болады: Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту, тиімті операциялық шараларды іске асыру және инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу; жекешелендіру және мемлекеттік-жеке серіктестік.
Ұлттық стратегияда шетел инвестицияларын тарту үшін басым салалар анықталды (АӨК, машина жасау, химия және мұнай химия, инфрақұрылым, тау-металлургиялық кешен, сауда) және 11 басым ел, олардың үлесіне әлемдегі инвестициялардың 80 %-ға дейін келеді (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ).
2022 жылы ИШИ жаппай ағымы 1,26 есеге ұлғайту жаппай ИШИ көлемі ЖІӨ-ге қатысты 2022 жылы 19%-ға дейін ұлғайту жоспарланған; тиімділікті жоғарлатуға бағытталған ИШИ 1,5 есеге ұлғаяды; экономиканың шикізат емес секторындағы негізгі капиталындағы инвестициялар көлемі 1,46 есеге ұлғаяды; экономиканың шикізат емес секторындағы негізгі капиталындағы ішкі инвестициялар көлемі 1,5 есеге ұлғаяды.