04.10.2018 в 10:43

ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ

Тұрғын үй шаруашылығын цифрландырудан пайда мол. Халықтың жайлы өмір сүруі, баспанадағы сан түрлі түйткіл­дердің уақтылы шешім табуы – тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы аясында қарастырылады. Сондықтан, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы ел экономикасының дамуына елеулі ықпал жасайтын маңызды сала екендігін атап өткен жөн. Елі­мізде бұл салада қордаланып қал­ған күрделі мәселелерді шешу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қаражат бөлініп, цифрлы трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Он­да тұрғындардың өмір сүру дең­гейін жақсарту көзделіп, ақ­парат ашық­­тығын қамтамасыз ету на­зар­ға алынған.

Өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында да электр энергетикасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында бір­ыңғай зияткерлік ақпараттық жүйе құрылғанынан хабардар­мыз. E-Shanyraq деп аталатын жүйе Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында бірегей цифрлы плат­форма құруға бағытталған. Цифр­­лы экономика құралдарын қол­дана отырып, сектордың бар­лық қатысушыларын бір ақ­параттық арнаға біріктіру ар­қылы аталған саланың қандай жағ­дайда тұрғаны және одан әрі жыл­жу үшін қандай қадамдарды жасау керектігін айқындайтын болады. Елдегі тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылығының негізгі түйткілді мәселелерін зерттей отырып, оны заманауи техноло­гиялардың көмегімен шешу жолдарын қарастырады.

Қуандық Бекенов, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту орталығы басшысының орынбасары,

- «Бұл жүйенің мақсаты – елімізге экожүйені енгізе отырып, барлық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді жинау. Нәтижесінде, тұрғындар үшін коммуналдық қызметтің жұмысында ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, яғни олар өздерінің шығындарын, қарыздарын көре алады. Арыз-шағымдарын жіберуіне болады. Ал, мемлекет коммуналдық қызметтің жұмысын қадағалап, шағымдар мен өтінімдерді қарай алады. Сондай-ақ, монополиялық субьектілердің жұмысын жеделдетеді», -деді басқарудың тиімді әдістерін қолдану, инновациялар мен энергия үнемдеу технологияларын енгізу негізіндегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту конференциясында.

Баршаға белгілі, отандық коммуналдық қызметтерді модернизациялау және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту міндеті «Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы» арқылы іске асырылады. Соның нәтижесінде, көптеген үрдістер автоматты режимге ауыстырылады. Бұл бірінші кезекте тұрғындар мен коммуналдық қызметкерлері үшін тиімді.