23.11.2018 в 23:26

БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕР ӨЗ ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ

 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы, бизнес–клубтар байқауын ұйымдастырған болатын.  Ол мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өтті. Бүгін  осы  бизнес- клубтардың нәтижесі ретінде қатысқан болашақ кәсіп иелері өз жобаларын қорғау мақсатында жиын өткізді.

Байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілді. Мақаладағы  «Білімнің салтанат құруы» деген басымдығында Қазақстан президенті Н. Назарбаев: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.

Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап көрсетті.

Аталмыш байқауда  жоғарғы бағаланған 20 жоба талқыланды. Қатысқан жастардың жобалары әртүрлі. 4 курс студенті Серіктің ұсынып отырған жобасы ерекше. Ол жарамсыз машина доңғалақтарынан  жаяу жүргіншілер жолына және  балалар ойын алаңдарына арналған төсеніш тақтайшаларын жасауды ұсынып отыр.

Серік Таңатар   4-ші курс студенті /Мұның маңыздылығы жастар болашағымыз болғаннан кейін, әсіресе кішкентай балалар ойын алаңдарында көп жарақат алады. Резинадан жасалып төселген жол жұмсақ болады/

Елбасының келер жылды жастар жылы деп жариялағаны жастарға тың серпін беретіні көрініп тұр. Байқауға қатысып отырған жастардың бәрі жобаларының қорғалып, іске асқанын қалайды. Соның бірі мектеп оқушысы Арайлым бүгінгі байқаудан үлкен үміт күтеді.

Ал ұйымдастырушылардың көздегені, жастар арасында белсенді өмірлік ұстанымды дамыту.  Сонымен қатар бизнес-идеяларды тудыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту..