22.11.2018 в 18:51

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖЕЛІСІ ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ 10 % ҚАМТЫДЫ

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті Исламбек Дастанның қатысуымен баспасөз конференциясы болып өтті. Исламбек Дастанұлы бірлестіктің 2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындау туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2002 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бірлестіктің мүшелігінде 32 ұйым тіркелген. 2012 жылдан осы күнге дейін бірлестік 13 млн. теңге игерді. 2018 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бірлестікке 4,3 млн. қаражат бөлінді. Оның 3,5 млн. теңгесі «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу бойынша «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру және жүргізу», «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты жобалары Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бағытында жүзеге асырылды.

Жобалардың тұсаукесері 22 тамыз күні Достық үйінде өткен болатын. Тұсаукесерден кейін Жамбыл облысының 10 ауданында кездесулер өткізіліп, нәтижесінде 400-ге жуық адам тартылды. Сондай-ақ, SMM арқылы j-reception.kz қабылдау желісі туралы бейнеролик фэйсбук әлеуметтік желісінде 103 233 пайдаланушыға қамтылса, оның ішнде 64 690 адам сілтемемен сайтқа өткен және инстаграмм желісі бойынша 75 мың адам 10 секундтық видео көрген. Қоғамдық кеңестердің ресми сайты 8 265 адаммен қамтылды.

Сайттың мақсаты - халықты алаңдатқан өзекті мәселелерді қабылдап,  тиісті мамандардан жауап алып, сайт бетінде жариялау. Яғни, жергілікті тұрғындар мен билік органдары арасында кері байланыс орнату.

Мұнымен қоса, «Q-kenes.kz» cайты да іске қосылды.  Ақпараттық сайт облыстық, қалалық және аудандық қоғамдық кеңестің жұмыстарының  ашықтығын көрсетуге бағытталған. Мұнда облысқа қатысты мәліметтер жарияланған. Басқарма басшылары мен мемлекеттік органдардың байланыс номерлеріде осы сайттан орын тауып отыр. Сайтты құрастырған мамандар рейтинг үшін емес, халықтың қамы үшін жұмыс істейтіндерін айтуда.