Бүгін Қазмедиа орталығында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «Нұрлы Жол»: Қазақстанның жаңа стратегиялық келешегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында сарапшылар Елбасы Жолдауында белгілеген заманауи халықаралық саяси және қаржы-экономикалық тенденциялардың жағдайдағы Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын талқылады.
Іс-шарада ҚСЗИ-дің директоры Е.Т Карин, «Jamestown Foundation» сарапшысы Джейкоб Зенн, ҚСЗИ-дың бас ғылыми қызметкері В.Ю. Додонов, Ханьян университетінің Азия-Тынық мұхиттық зерттеу орталығының директоры Ом Гу Хо, ҚСЗИ-дың экономикалық зерттеулер бөлімінің менгерушісі Б.Р. Сырлыбаева баяндама жасады.