13.07.2019 в 13:17

Халықаралық Түркі академиясы әзірлеген "Ортақ түрік тариxы" оқулығы Түркі кеңесіне мүше елдерде оқытыла бастады

Мемлекет басшылары Саммитінің шешіміне сәйкес Халықаралық Түркі академиясы (International Turkic Academy) әзірлеген 8 сыныптарға арналған "Ортақ түрік тариxы" оқулығы Түркі кеңесіне мүше елдерде толық оқытыла бастады.

Бішкекте өткен тамырлас елдердің Білім министрлері жиынында мақұлданғанған кейін оқулық бауырлас елдердің мектеп бағдарламаларына тегіс енгізілді. Әзербайжанда және Түркияда "Ортақ түрік тариxын" таңдаулы пән ретінде оқитын оқушылар саны күннен-күнге артып келеді.

Қазақстанда Назарбаев интеллектуалды мектептерінде сыннан өткен оқулық биылғы оқу жылынан бастап барлық мектептердің 8 сыныптарында таңдаулы пән ретінде оқытыла бастайды.

Терең тариxымыздың түп-тамырларына жетелейтін тағылымды пәнді таңдау арқылы балаларымыз өткеннің өнегесіне үңіле түседі деп ойлаймыз.

"Ғылым" баспасынан шыққан оқулықты Түркі академиясынан алуға болады.

Тел: +7 (705) 114-79-78