Мемлекеттік органдардың басшылары мен депутаттар азаматтарды қабылдау өткізеді, деп хабарлады nurotan.kz.
«Апта барысында «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында - Фракция мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ізбақ Өмірзақов пен Николай Логутов, сондай-ақ, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік дамудың бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен жер ресурстары комитетінің төрағасы Бауыржан Смағұлов азаматтардың қабылдауын өткізеді», - делінген хабарламада.
Атап айтсақ, 13 қаңтарда азаматтар Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитетінің мүшесі Ізбақ Өмірзақовпен, 15 қаңтарда - Экономикалық реформа және өңірлік даму бойынша комитетінің мүшесі Николай Логутовпен жүздесе алады.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова азаматтарды 14 қаңтарда қабылдаса, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен жер ресурстары комитетінің төрағасы Бауыржан Смағұловтың азаматтарды қабылдауы 16 қаңтарға жоспарланған.
Қабылдау мына мекенжайда өтеді: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25 үй, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауы сағ 10.00 ден 13.00-ге дейін.
Қабылдауға 59 -78- 50 телефоны арқылы жазылуға болады.