19.01.2015 в 11:52

Қырғыз-өзбек шекарасында оқ атылды

Қырғызстанның шекарашылары қырғыз-збек шекарасын бұзғандарға қарсы оқ атты, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл турады Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз хатшысы Гүлмира Борубаева мәлімдеген. 

КСРО ыдырағанына ширек ғасыр уақыт өтсе де Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара делимитацияланбаған. Сондықтан да бұл жерде қақтығыстар жиі қылаң беріп отырады. Тек соңғы үш жылдың өзінде бұл жерде бірнеше ондаған қарулы қақтығыс оқиғалары тіркелген.

 Борубаеваның айтуынша, шекара бұзушылардың бірі жарақаттанып, қалғаны ұсталған. Екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, ұсталғандар өзбек шекарашыларына табысталған.