Инфрақұрылымдық қызмет алуға, үй-жәй ретінде тіркелген абоненттердің жалпы саны 42 000. Оның ішінде 25 100 абонент газға қосылу өтінімін берген. Абонент саны өсуіне байланысты “КазТрансГаз Аймақ” мекемесімен қосымша келісім жасалып, газ беру қысымы 4кг/см2 көрсеткішінен 5кг/см2 дейін көтерілді. Газға қосылу өтінімдерін жылдам және толықтай қамтамасыз ету мақсатында қосымша арнайы орындар ашылып, қызметкерлер саны артқан. Ендігі, тексеріс жұмыстары атқарылуына байланысты газ әлі де беріле қоймаған құбырларға да аз уақыт ішінде газ қосылмақ.