Әрине, тұрғындар ол кермек суды керек еткеннен ішкен жоқ. Өйткені, бұл маңдағы жер асты суларының бәрі осындай ащы болғандықтан, амал болмаған. Енді міне, ауыл, аудан басшыларының араласуымен жер жағдайы жіті зерттеліп, Бәйдібек ауданы аумағына жақын жерден таза судың мол қоры табылған.
МҰХТАР АТАБЕК - ТІЛШІ
МАРАТ ТӨРЕЕВ - ЖЕҢІС АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Таза судың табылған жерінен әйгілі Арыс- Түркістан каналы ағып өтеді. Міне, осы тұсқа арнайы су қондырғысы да орнатылып, одан 3- 4 шақырым орналасқан ауылға дейін құбыр тартылған. Тұрғындар қазір осы құбыр арқылы келіп тұрған суды тәулік бойы емін – еркін пайдалана алады.
ӘЛІШЕР АСҚАРОВ - ЖЕҢІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Су – қашан да тіршілік нәрі. Ауыз судың азабын тартқан тұрғындар ендігі жерде ондай қиындық болмайды деп отыр. Өйткені, мамандардың есебі бойынша жер астындағы судың қоры мол және өте сапалы.