26.02.2021 в 14:45

ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР ЭКСПОРТТАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАН ҚҰТЫЛДЫ

Өзбекстанның қазақстандық тауарларды аксиздік салықтан босатуы шымкенттік тауар өндірушілердің екінші тынысын ашты деуге болады. Әсіресе  кілем өндірушілер қуанышты. Айтып өтейік,  қалада бұл бағытта екі ірі зауыт жұмыс істейді. Біреуінің өзі жылына 5 млн шаршы метр тауар өндіруге қауқарлы. Артық ақша төлейтін болғандықтан олар алдын Өзбек еліне өз өнімдерін сата алмайтын. Аксиздік салық алынған соң бүгіннің өзінде көрші мемлекетке тауар экспорттау басталған.

ДАУЛЕТ ҚАНАШАЕВ "БАЛ ТЕКСТИЛЬ" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өзбекстан тарапынан 1 тапсырыс келіп түсті. Дәл қазіргі сәтте. Жақын арада ол заказ ды жөнелтеміз. Өзбекстанғы клиенттермен жақсы жұмыс жасап жылдың соңына дейін экспорттың көлемін барынша көтеруге тырысамыз. Өзбекстанда сұраныс бар біздің кілемдерге

Айтып өту керек Қазақстан тарапы Өзбекстандық экспорттаушыларды аксиздік салықтан әлдеқашан босатқан. Бірақ көрші ел бұған дейін ондай қадамға бармады. Салдарынан ол жақтың тауар өндірушілері бізге емін еркін келіп сауда жасағанымен біздің экспорттаушылар тауар өткізуде қиналатын. Соңғы 10-15 жылда осы мәселе бойынша бірнеше кездесулерде ұйымдастырылды. Ақыры тиімді шешім қабылданды.

БАУЫРЖАН БЕРДАЛИЕВ - ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Бұл мәселені әртүрлі жиналыста да бұл мәселені көтеріп жүрдік. Үкімет аралық жиналыс болсын Президент аралық жиналыс болсын 2017 жылдан бері 90 тауарға алып тастады. Аксизді. Енді соңғы 73 тауарды осы 2020 жылдың соңында алып тастады.

Еске салып өтейік өткен жылы пандемияға қарамастан Өзбекстанға Шымкенттен 235 млн АҚШ долларының өнімі экспортталған. Ал, өткен өнім арасында тәтті сусындар мен кондитерлік өнімінің салмағы басым. Алдағы уақытта кілем өнімдерімен құрылыс тауарлары да көптеп экспортталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде тауар айналымының көлемі де едәуір артады деген жоспар бар.