03.03.2021 в 14:59

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бұл Жібек жолы базары. Тұтынушылары мен келушілері көп өңіраралық ірі, көтерме  сауда орыны. Сондықтан болар мұнда  карантин талаптары әліде қатаң. Дезинвекциялық өткел, санитайзерлер өз  орнында.  Тазалық шаралары  былтырдан бері күн тәртіптен түспеген.  Сатушыларда маска тағуды күнделікті әдетке айналдырдық –дейді.

Ұлдана Үмбеталиева – сатушы

Базардың тәртібі күнделікті маска тағып келеміз.

Бұл базардан  1,5 мыңнан астам кәсіпкер күнделікті несібесін айырып отыр. Мұндағы көкөніс бағасыда қала дүкендеріне қарағандай 20-30 пайыз арзан. Қаланың шетіне орналасқандықтан өзге өңірлерден келіп көтерме сауданы қыздыратындар көп. Айтқандай  жыл басында жабылған «Қазыбек» базарының сатушыларыда осы жерге келіп орналасқан.

Ерікжан Сарыпбеков – «Жібек жолы»  базарының қауіпсіздік қызметінің басшысы

Қазыбек базары келгенде біз базарымыздың бір шетін бердік. Қазір ол кісілерге толық жағдай жасалған. Контейнер бәрін беріп салықтан босаттық.

Қаладағы базарлар карантин талаптарын сақтай отырып өз жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі күннің басты талабы  қарапайым тазалық шаралары.