Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды үкімет түрі жақсы дамып келеді. Мәселен, қазір бала туу бойынша мемлекеттік перзентханадан шықпай, телефонның көмегімен-ақ ала алады. Яғни туу туралы куәлікті, балабақшаға кезекке қою, жәрдемақыларды тағайындауды қалта телефонының көмегімен рәсімдеуге болады. Алдағы уақытта адамның өмірлік жағдайына байланысты бірқатар қызмет осы проактивті тәсілге көшіріледі. Мамандар мәліметінше соңғы уақытта құжат рәсімдеушілер арасында электронды түрде құжат алатындар көбейген. Мәселен, жыл басынан бері 38 миллионға жуық қызмет көрсетілсе, оның 60 пайыздан астамы ғаламтордың көмегімен жүзеге асқан.
Алтынай Татаева – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалының баспасөз хатшысы
Бүгінде үйде отырып-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығының кез-келген қызмет түрімен танысуға болады. Тек ғаламторға қосылған ұялы телефоныңыз болса болғаны. Ал, Телеграм ботарқылы кезекті броньдауға болады және бұдан бөлек те қаншама қызмет түрін пайдалануға болады.
Қайрат Меңлібеков – Қаратау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы
Айта кетерлігі, мүмкіндігі шектеулі, және 60-тан асқан қарт кісілерге де жеңілдіктер қарастырылған.Оларға арнайы қызметкерлер тағайындалып, керек кезде үйге барып ақпарат береді. Сондай-ақ егер мүлкіңізді рәсімдейтін болсаңыз арнайы мамандардың көмегімен лезде шешуге болады. Бұл деген Халыққа қызмет көрсету орталығының сапасының жақсарғандығын білдіреді.