12.03.2021 в 15:23

«ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨТІНІМДЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ

Жұмысы бар жастарға жалға берілетін баспанадан үмітті бастапқыда 3648 өтініш келіп түскен екен. Алайда, оның түрлі себептерге байланысты 2952-і кері қайтарылған. Оның ішінде 105-і жас шектеуіне байланысты болса, 576-ы тұрақты тіркеуге қатысты, ал, 2271-і табыс көзі 40 АЕК жетпегеннен байқауға қатысудан шеттетіліпті.

Абылай Балықбаев – Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы

Биыл аталмыш бағдарлама бойынша 300 үй беру қарастырылған екен. Оның ішінде 1 бөлмелі – 195, ал 2 бөлмелі - 105 пәтер үлестіріледі деп жоспарлануда.Тапсырылған құжаттарды қарау уәкілетті орган ретінде Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасына жүктелген. Баспаналар «Жаңа Тұрлан», «Тұран» және «Асар-2» шағынаудандарынан берілмек. Тұрғын үйдің төменгі қабаттарына отбасы мүшелерінде 1,2-топ мүгедектігі бар немесе  мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар, созылмалы ауру түрімен ауыратын азаматтарға бөлу және одан кейінгі кезекте азаматтардың балл саны мен бала санына қарай орналастыру көзделуде екен.

Абылай Балықбаев – Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы

Айта кетейік, Шымкентте «Жастар» бағдарламасына сәйкес сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға беру бойынша ағымдағы жылдың 25-27 қаңтар аралығында shymkent-baspana.kz cайты арқылы өтінімдер қабылданған болатын. Ал, 4-ші ақпан күні 24 сағат ішінде берілген өтінімдердің қатесін түзету үшін құжаттарды қайта толықтыруға мүмкіндік берілген. Бүгінгі баспасөз отырысы барысында мәлім болғанындай конкурс қорытындысы бойынша өрескел кемшіліктер мен заң бұзушылық жағдайлар тіркелмеген. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 43432 адам үй алу кезегінде тұрса, оның 25 пайызын жастар құрайды екен.