Дәмхана мен мейрамханалар 50 адамнан көп адамды қабылдамай, 7.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.Мерекелік іс-шаралар мен отбасылық жиындар, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Қайтыс болған кісіні еске алу шараларын 50 адамнан көп жиналмай өткізуге болады.Спа-орталықтар, сұлулық салондары, шаштараз, монша, сауна 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Нысан тек жартылай толық болуы керек.Сауда ойын-сауық орталығы 9.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады.