06.04.2021 в 15:27

ШЫМКЕНТТЕ СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЫ БАР АЗАМАТТАРҒА КОВИДКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛЫНУДА

Дәрігерлердің айтуынша,  диспансерлік есепте тұратын азаматтардың коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары деңгейде. Әрі созылмалы ауруы бар науқастардың басым бөлігі коронавирус инфекциясын ауыр өткереді екен. Сондықтан инфекциядан сақтанудың бірден бір жолы - вакцина салу. Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласына 29 400 доза ковидке қарсы вакцина жеткізілген. Қолданыста - ресейлік «Спутник V» вакцинасы. Инфекцияға қарсы 9598 азаматқа екпе салынды. Олардың басым бөлігі - медицина мамандары.