13.04.2021 в 16:13

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ

Орта арнаулы жұмысшы мамандығын оқытатын оқу орны былтыр  «Жас маман» жобасына қатысып жеңімпаз атанды. Нәтижесінде 371 миллион теңгеге теңдесі жоқ тігін құралдарын сатып алды.

Гүлмира Тағаева – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің директоры

Жапондық «JUKI» компаниясының заманауи құрал-жабдықтарының тілін меңгеру үшін әуелі колледждің 30 маманы арнайы оқудан өтті. Сертификатпен расталды.

Ғазиза Көпбосынова – оқыту-шебері

Құзіреттілік орталығы инновация игілігін игеріп, технология тәжірибесін енгізу мақсатында ашылған. Мұнда қазір «WordSkills» стандарттары бойынша чемпионаттар даярланып жатыр. Солардың бірі Мәриям Бекмұрза таяуда ғана Таразда өткен республикалық байқауда бағы жанды. Жеңімпаз атанды.

Мәриям Бекмұрза - студент

Тігін машиналарынан бөлек, шеберханада матаға түрлі ою-өрнек пен жазу жазатын құралдар мен көпфункциялы саймандар сатып алынды. Пандемия көп  іске қолбайлау болып тұр. Соған қарамастан, мелекеттік тапсырыс аясында бірталай киім-кешек тігіп үлгерген.

Дәл осындай құрал-сайман, тігін аппараттары тарихта болмаған»- деп, таңданысын жасыра алмады, Ирина Викторқызы. Тәжірибелі ұстаз табаны күректей 45 жылдан бері осында еңбек етіп келеді.

Ирина Абашова – өндірістік оқыту шебері

1975 жылы осы колледжге оқуға түстім. Енді қазір тігін шеберімін. Студенттерге тігін тігудің қыр-сырын үйретіп жүрмін.Бірақ тап осындай құрал-жабыдқтарға қол жеткіземіз деген тек арманымыз ғана еді. Бүгінде сол арманға қол жетті. Елбасыға, мемлекет басшысына алғысымыз шексіз. Жас маман мемплекеттік бағдарламасын жасап, сол арқылы осындай мүмкіндіктерге ие болып отырмыз. Ендігісі тек еңбек ету...

Жалпы «Жас маман» жобасын жүзеге асыру үшін шаһардағы  2 колледжге  646 624 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды. Ал биыл 5 колледжге 1 млрд 700 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға сапалы кадр даярлауға мүмкіндік беретін жабдықтар жеткізілмек.