Шымкенттегі бір ғана Абай ауданының аумағында40 тан астам мектеп бар. Оның 6нан оқушылар мен мұғалімдер арасындаіндет анықталып, карантинге жабылған.Мобильді топ әрдайым түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, білім ұяларын карантин талаптарын сақтауға шықырып отырады. Ұлықбек атындағы№3 жалпы орта білім беретін мектебі 1176 балаға арналған. Онлайн, офлайн режимде 1360 оқушы тәлім алуда. Білім ұясында сақтық шаралары басты орында.
Гүлнара Манапова –Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп директоры
Білім ошағында дезинфекциялық санитарлық талаптар күшейтілген. Бөлмелерді 15 минут - 1 сағат ішінде желдетіп, ауаны ылғалдандыратын арнайы кварцтар орнатылған. Сонымен қатар есік тұтқаларын күнделікті 2 рет өңдеп, орындықтар арасы 1 метр ден орналастырылған. Медицина мамандары қоңырау уақытында сыныптың ішін дизенфекциялайды. Барлық сыныпта санитайзер мен антисептиктер орнатылған.
Абдугапур Шажаев - Шымкент қаласы Абай ауданы Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасыбасшының орынбасары
Қаламызда індет одан әрі өршімес үшін, бүгінде мобильді топтар өз жұмысын жалғастыруда. Санитар мамандар шаhар тұрғындарына карантин талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.