27.04.2021 в 18:46

ШЫМКЕНТТЕ 246 МҮГЕДЕК ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Гүлзира Молдашеваны 30 жылдан бері буын аурулары мазалайды. Қарағанды музыкалық училищесінде музыкалық білім алған. Бүгінде 2 топ мүгедегі. Дегенмен денсаулығында ақауды көңіліне қаяу санамайды. Өмірге құштар азаматша еңбектен ешқашан қол үзген емес. 2016 жылы Шымкентке қоныс аударып, 2 жылдан бері «Шапағат» оңалту орталығында өзі секілді ерекше күтімді қажет ететін жандарға вокалдан дәріс беріп, өнерге баулиды. Жоғары білімін де одан әрі жетілдіріп алды.

Гүлзира Молдашева – мүмкіндігі шектеулі жан

Мен жұмыспен қамту орталығына 2016 жылы көшіп келген соң тіркелдім. Олар 2019 жылы маған осындағы жұмысты ұсынды. Бірнеше тапсырма болды. Мен бәрінен сүрінбедім. Осы орталық ашылғалы осында қызмет етемін. Мүгедектігіме байланысты жәрдемақы аламын. Әлеуметтік такси мені күнделікті тасымалдайды.

Қамкөңіл жандар жеке кәсіптерін ашып, еңбектенуге деген құлшыныстарын да көрсете білді. 3 адам шағын несие және 29 азамат  мемлекеттік грант алған.  100 адам «Бастау бизнес» оқу курсынан өтті. Жалпы, жыл соңына дейін 712 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту жоспарлануда. Айта кетейік, «Шапағат» оңалту орталығында Гүлзира секілді мүмкіндігі шектеулі біршама қызметкер бар.

Алтынай Нұрғали –Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынының баспасөз хатшысы

Венера Нұржанова - «Шапағат» арнайы қызметтер көрсету орталығының басшысы

Шымкентте былтыр мүгедектігі бар 1071 адам «Еңбек» бағдарламасының шараларына қатысқан. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 153 адам оқытылып, тұрақты жұмысқа 509 адам орналастырылған. Әлеуметтік жұмыс, жастар практикасы мен ақылы қоғамдық жұмыспен уақытша жұмыс орындарына 277  азамат жолданды.