04.05.2021 в 21:18

"SHYMKENT" ЭТНОАУЫЛЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Мереке күніндегі жағымды жаңалықтың бірі   шаhардағы ескі қалашық аумағында "Shymkent" этноауылы жұмысын бастады.   Қала әкімі Мұрат Әйтенов рухани жаңғыру бағытында қолға алынған этноауылды аралап, ондағы ұлттық қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты. Бүл жер шымкенттіктердің сүйікті орнына айналғалы тұр.

Бейбітжан Муслимов - Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры

Наурыздан бастап қарашаның ортасына дейін

"Жасыл қала" акциясы "Shymkent" этноауылын айналып өтпеді. Ерекше аймақтың  кіреберісіне шыршалар егілді. Орталық қақпа айналасы жасыл желекпен жайқалды. Игі бастамаға мұрындық болған қала әкімі Мұрат Әйтенов көпшілікті  бірлік күнімен құтықтады.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Ең бастысы Шымкент қаласындағы

Мереке күні Шымкент қаласының барлық аудан аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шарада аяқжолдар, ирригация жүйелер, саябақтар, гүлзарлар және аллеялар тазаланды.  «Қошқар ата» өзенінің сағасы қоқыстан ажыратылды. .  Сенбілік іс-шарасы "Жасыл қала" акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.