06.05.2021 в 21:29

«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ТИІМДІ

Мұндай жұмыс режиміне «Ashyq» қосымшасы жүйесіне енгізілген кәсіпкерлік нысандары ғана өтеді. «Вирустың таралу қаупін азайту мен карантиндік шаралар кезінде кәсіпкерлердің қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретін «Ashyq» жобасы сәуірдің 26-нан бастап, еліміздегі барлық өңірлерде жүзеге асырыла бастады. Жоба - кәсіпкерлік нысандардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік бермек.

Нұрбек Нышанов– Түркістан облысының  бас санитариялық дәрігері

Матрицалық бағалау көрсеткішіне қарай жасыл. Сары, қызыл талаптары бар. Өңір жасыл аймақта. Сондықтан банкет залдарға рұқсат беріледі.

 «Кез-келген азамат "Ashyq" мобильді қосымшасын «App Store» және «Play Market»-тен телефонына жүктеп алуы керек. Қосымшаға ЖСН нөмірі арқылы қосылып, өзі барған мекемедегі арнайы QR-кодты сканерлейді. Нәтижесінде оның жасыл, көк, сары немесе қызыл түстер арқылы клиенттің мәртебесі көрсетіледі.

Тимур Нақыпбеков – Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры

Бізге 100 ге жуық өтінім келіп түсті. Соның 35 кәсіпкерлік обьекті толық қанды енгізіліп отыр.

Өңірде екпе егу жұмыстарыда қызып тұр.  Вакцина салдыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Басқарма басшысының айтуынша дәрі қоры да жеткілікті.

Марат Пашимов - Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы 

Қазір вакцина жеткілікті. Салынатын адам қайсысын таңдаса соны саламыз. Дәрі-дәрмек қоры екі айға жеткілікті.

Облысқа ақпан айынан бастап «Спутник V» вакцинасының 141 700 дозасы жеткізілген. Бүгінгі күнге дейін – 140 565 адам 1-ші компонентпен вакцина қабылдады. Ал, отандық «QazVac» вакцинациясы мыңға жуық адамға егілген. Алдағы уақытта «Спутник-V» 185 мың доза және «QazVac» отандық вакцинасынан 752 мың доза қамтамасыз ету жоспарланып отыр.