Білім бәйгесі 2 турдан тұрды. Үміткерлер 1-ші кезеңде ұлттық бірыңғай тестілеуде жинаған шектік балы бойынша іріктелді. Жарыстың 2-ші кезеңінде қатиысушылар ауызша және жазбаша түрде емтихан тапсырды. Жалпы саны 300 оқушы қатысып, екінші кезеңге 100 ге тарта оқушы жолдама алды.
Дария Қожамжарова - М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры
Асығы алшынынан түскен Асылзат болашақта журналист болуды армандайды.Ұстазынан үлгі алған бойжеткен мектепте алтын белгіге үміткер екен. М.Ауезов университетінде білім грантын ұтып алған ол,ұйымдастырушыларға алғысым зор дейді .
Асылзат Қарсыбаева – жеңімпаз
Мейра Сулейменова – жетекші
Айта кетейік, 1 орынға 100 пайыздың грант, екінші орынға 75 пайыз, үшінші орынға 50 пайыздың ақысыз оқу мүмкіндігі берілді. Білім грантын ұтып алғандар енді М.Ауезов университетінде қалаған мамандығын игеріп шығады.