14.05.2021 в 21:49

ҚОС МЕРЕКЕ ҚАТАР ТОЙЛАНДЫ

Спорттық сайысқа Nur Otan «Исфиджаб» партия бастауыш  ұйымыны мұрындық болды.  Ардагерлер мен жарысқа қатысушылар құрметіне арнап

Кеңес одағының батыры Зиямат Хусанов атындағы № 110 жалпы орта мектебінің оқушылары концерттік бағдарлама ұсынды. Содан кейін білім ұясының спорт залында ауыл қарттары мен  ардагер шахматтан өзара мықтыны анықтады.

Тахирбек Нышанбаев –  Ұйымдастырушы

Шара барысында мектепке есімі берілген батырға арнап арнайы мұражай да ашылды. Онда соғыс ардагерінің көзі тірісінде қолданған заттары мен ғибратты ғұмырынан сыр шертер дүниелер қойылған. Мұндай іс-шаралардың өскелең ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелеуде үлесі зор.

Тұрдымет Айдаметұлы – Батырдың туысы

Спорттық дода жастар валейболдан сынға түсті. Ойынға көрші ауылдар мен арысы тараздан да арнайы команда келіп қатысты. Турнир  жеңіс мерекесі мен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және Кеңес одағының батыры Зиямат Хусановтың 100 жылдығына арналып отыр.

 

Е. Бөбеев