Жауаптылардың айтуынша, нысанды айналып өту мақсатында көліктердің қозғалысы Қабанбай батыр, Ерманов, Володарский, Бостандық және Өзбек көшелерімен ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, Амангелді, Бостандық, Милицейская, Өзбек, Красноярская, Шымкент көшелерінің тұрғындары үшін осы орамның батыс бөлігінен қолданыстағы Қалдаяқов, 8 Наурыз көшелері арқылы қозғалуға мүмкіндік қарастырылған. Ал, шығыс бөліктен Түркістан, Тоқаев, Әйтеке би көшелері арқылы кіріп-шығуға болады. Қазіргі таңда сол маңайдағы тұрғын үйлерді жол құрылысына байланысты мемлекет мұқтаждығына қайтару шаралары атқарылуда. Ал кәсіпкерлік нысандарына арнайы орындар қарастырылған. Айта кету керек, құрылыс жобасы туралы біраздан бері насихаттық жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы ретте, орын алған қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім өтініп, түсіністікпен қарауларын сұраймыз.