ауқым алды. Елде қызметкерлердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті. Бірақ, әзірлік әлсіз еді. Заңда ескерілмеген жәйттер жиі кездесті. Соның ең өзектісі – коммуникация құралдарымен қамту.
ЖАНАТ ОМАРБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Төтенше жағдайды енгізу, төтенше жағдайды жариялау және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету және шығыстарды өтеу қажеттілігі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
Ал, егер қызметкер өз құралын пайдаланса онда жұмыс берушіден өтемақы алады. Оның мөлшері, төлеу мерзімі екеуара келісіммен бекітіледі. Сондай-ақ демалыс немесе мереке күндері қашықтан жұмыс істесе, қосымша ақы төленеді. Бұл еңбек келісім шартында ескерілуі керек. Бұған қоса мемлекеттік, әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлерімен құпия ақпаратты сақтау туралы шарт жасалады. Қашықтағы мамандардың хабарлама жіберуіне қатысты да талап бар.