20.05.2021 в 22:03

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы өтініштер қабылдайтын бірыңғай арна іске қосылады.  Тіпті, «Қазпоштамен» қағаз жүзінде жолданған өтініштердің өзі цифрлық форматқа ауыстырылып, электронды түрде тіркеледі. Осылайша,  «е-Өтініш» жүйесі өтініштерді қараудың бүкіл тарихы сақталатын біртұтас базаға айналады. Бұл барлық мемлекеттік және сот органдарына, сонымен қатар өтініш берушілерге қолжетімді жүйе болады»,-дейді Тамара Дүйсенова.

Тамара Дүйсенова -  ҚР Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі

Мемлекеттік органдар өтініштерді бұрынғы қабылданған шешімдер мен берілген жауаптарды ескере отырып қарайды.   Егер  арыз иесінің  талабы қанағаттандырылмайтын болса онда мемлекеттік орган міндетті түрде арыз иесін қабылдап, оған түсініктеме береді.  Жаңа Кодексте мемлекеттік органның азаматтар алдындағы жауапкершілігі күшейтіліп отыр. Жиында сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов қазіргі таңда Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарымен жоспарға сәйкес 798 қызметкер жүйеге енгізілгенін атап өтті.

Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс бойынша әр азаматпен, тұрғынмен заң аясында сапалы жұмыс жүргізу ортақ міндет екенін айтқан қала басшысы бүгінде 444 қызметкер ақпараттық жүйемен жұмыс жасауға үйретілгенін айтты.