01.06.2021 в 22:22

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ДЕНДРОСАЯБАҚТА АТАЛЫП ӨТТІ

Адам өмірінде ең үлкен бақыт - ұрпақ өсіріп, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала- елдің ертеңгі болашағы. Ұлттың жалғасы. Қай халықтың болмасын елдігі мен салт-дәстүрін, атамекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Сондықтан еліміздің ертеңгі тірегі болатын, жастардың болашағын баянды ету біздің басты парызымыз,-деді ұйымдастырушылар.

Антонина Малюченко – Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі

Бүлдіршіндер алаңда би-билеп, ән салып өз өнерлерін паш етті. Орталыққа келген ата-аналар мен балалар мерекелік көңіл-күймен қайтты. Осылайша мереке қаламыздың барлық саябақтарында жоғары деңгейде аталып өтілді.