02.06.2021 в 22:25

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ТЫҢДАДЫ

Онлайн қабылдауда қаламыздағы 4 аудан азаматтарының мәселелері кезекпен тыңдалды. Мәселен, Абай ауданының тұрғыны Жолдасбек Жанбуршын

Нұршуақ шағынауданының ауызсу мәселесіне назар аударды. Қала әкімі «Бес қара» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан  құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, шағынаудан сапалы ауызсумен қамтылатын атап өтті. 

Ал, Қаратау ауданы Асар-2 шағынауданының тұрғыны Тұрдалы Шынасылов электр жарығының мәселесін алға тартты. Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 20 шілдесінде қосалқы станцияның құрылысы  аяқталады. Жалпы Асар-2 елдімекенін тұрақты электр көзіне қосу жұмыстары 1 тамызға дейін толық аяқталады деп күтілуде. Шаһар басшысы азаматтардың мәселелері тұрақты бақылауда болатынын айтып, басқарма басшылары және аудан әкімдеріне мәселелерді  терең зердереп барып, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.