18.06.2021 в 22:47

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Өзекті мәселе – коммуналдық қызмет тарифінің қымбаттауы. Мәжілісте Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент бастығы Дархан Қайынбердиев баяндама жасады. Сала жетекшісінің сөзінше, жыл басынан бері электр жарығы, көгілдір газ бен суға тарифтер төмендетілген. Алайда, қоғамдық кеңес мүшелері бұл ақпаратқа сенбейді. Өйткені, қымбатшылық қыспаққа алған тұста, коммуналдық қызметтердің де бағасы бұрынғыға қарағанда қымбаттаған. Басқосуда табиғи монополияға қарсы комитеттің жұмысы сын тезіне алынды. Сондай-ақ, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының атқарылған жұмыстары бойынша есеп берілді. Баяндамашы Боранбай Болатбековке кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін айтты. Жиында сондай-ақ, Қызмет алушылар үшін мемлекеттік қызмет көрсетуде туындаған мәселелер мен олардың шешу жолдары бойынша да проблемалар айтылды.

Дархан Қайынбердиев – Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент бастығы

Нұрғазы Бұхарбай – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты