21.06.2021 в 23:01

ҮЙ КЕЗЕГІН КӨРУ ТОЛЫҒЫМЕН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН

Бүгінде аталған қызмет Шымкент қаласынң  тұрғындары үшін де қолжетімді әрі тиімді болып отыр.Тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау үшін тұтынушыға ЭЦҚ арқылы кезектегі адам ЖСН туралы ақпаратты электронды бетке енгізсе болғаны. Аталған қызметтің электрондық форматқа аударылуы тұрғын үй-коммуналдық саласындағы орын алатын сыбайлас жемқорлықты азайтуға өз үлесін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын оңтайландарып, азаматтарға тұрғын үй кезегін қадағалауды  жеңілдетіп отыр.