14.07.2021 в 15:13

ШЫМКЕНТТЕ ШЕКТЕУЛЕР КҮШЕЙДІ

Вирус жұқтырған  169 науқастың 32-сі вакцина алғаннан кейін ауырғандар. Сондықтан сақтықта қорлық жоқ –дейді санитар дәрігерлер. Әзірге азық түлік емес дүкендердің жұмысы  кешкі сағат 20:00-ге  дейін шектелді. Бизнес нысандар демалыс мереке күндері жұмыс істемейді. Жабық базарлардағы тәртіпте дәл солай. Айтқандай қаладағы мешіттер онлайн жүйеге қайта өтті.

Алдарқұл Ахметов - Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Қоғамдық көлік қала ішіндегі сенбі жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтататын болады.

Сауна, СПА орталықтары мен  бассейіндер жұмысы  кешкі 20:00 ге дейін шектеледі. Демалыс мереке күндері жұмысын тоқтатады.  Ал ашық жобасына қатысқан мекемелерге сәл еркіндік бар.

Алдарқұл Ахметов - Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Ал Ашық жобасына қатысқан болса онда демалыс мереке күндеріде істей береді жұмыс уақыты 8 ге дейін шектеледі.

2021 жылдың 1 қаңтар мен 12 шілде аралығында COVID-19 инфекциясымен 9922 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен - 6446, симптомсыз - 3476. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 1768 жағдай тіркелген. 216  адам қайтыс болды.Барлығы 8372 короновирус инфекциясының ошағы анықталған, оның ішінде 963 ұйымдастырылған ұжымдарда тіркеліп отыр. Бүгінгі таңға 3642 белсенді ошақ қадағалануда, оның 2872 үй  ошақтары , 770 ұйымдастырылған ұжымдарда тіркелген.