26.07.2021 в 15:21

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

3-кезеңдегі жұмыстар жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 12000м3 жер жұмыстары және 2 дана темір жол көпірінің негізін құю және 2 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалған.Қазіргі уақытта тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде. Темір жол астынан өтетін жол өткелінің қазу жұмыстарын жалғастыру үшін Терешкова көшесінен темір жолға дейінгі нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажеттігі туып отыр. Осыған орай, қала әкімі мемлекет мұқтаждығына қайтару керек үйлердің тұрғындарымен келіссөздер жүргізіп, халыққа тиімді болатын жағдайларды қарастыру керектігін жеткізді.